Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемлекеттік құпияларды қорғау саласының мамандарына үстемеақы төленуі мүмкін

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде мемлекеттік құпияларды қорғау саласының мамандарына үстемеақы төленуі мүмкін. Үкімет қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілмек.

"Геологиялық ақпарат статистикасы жүйесінің және "Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар",- делінген қаулы жобасында.

Құжатта "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарына қосымша 25 пайыз үстемеақы төленуі мүмкін екені жазылған.

Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылау 24 шілдеге дейін жалғасады.

Құжаттағы мәліметке сүйенсек, осы қаулы 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2132502-elimizde-memlekettik-qupiialardy-qorgau-salasynyng-mamandaryna-ustemeaqy-tolenui-mumkin/