Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 мыңға жуық": Қазақстанда интернет-алаяқтық көбейіп кетті

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі сурет: seksan Mongkhonkhamsao/Getty Images

2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 10 мыңға жуық онлайн алаяқтық оқиғасы тіркелді. Көбінесе азаматтар тауарларды интернет арқылы сатып алу кезінде алданған. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқығыздар.

Қазақстанда интернет-алаяқтардың белсенділігі артып келеді. Telegram-дағы Data Hub арнасының сарапшылары атап өткендей, биы 6 айда Қазақстанда онлайн-алаяқтықтың 9 936 оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға көп.

Шындығында мұндай фактілер әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескеру маңызды. Статистика тек тіркелген жағдайларға, яғни жәбірленушінің полицияға хабарласуына қатысты алынған.

Алаяқтар маркетплейстер мен интернет-аукциондарды және онлайн жарнамаларды белсенді түрде пайдаланады, яғни олар ақшасын алып, сатып алушыларға тауарын бермей алдайды. Алты айда осындай 2417 жағдай тіркелді.

Одан кейінгі орында фишинг – алаяқтар өздерінің құрбандарының құпия ақпаратын "аулайды", содан кейін оны өз мақсаттары үшін пайдаланады, мысалы, онлайн-банкингке кіру үшін. Барлығы мұндай 2393 жағдай тіркелді.

Өңірлер бойынша интернет-алаяқтықтың ең көп оқиғасы Астанада (2204 жағдай) тіркелсе, Алматы екінші орында (1048 жағдай) тұр.

Осылайша, қазақстандықтардың интернеттегі қауіпсіздігін есте сақтауы маңызды. Күмәнді сайттарға кірмеген жөн және онда құпия ақпарат қалдырмау керек. Онлайн сатып алу кезінде сатушыларды мұқият таңдап, олар туралы қандай пікірлер бар, соны оқу қажет, сонымен қатар бейтаныс пайдаланушылардың бейнеқоңырауларын қабылдамаған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2132820-10-myngga-zhuyq-aldangan-qazaqstanda-internet-alaiaqtyq-kobeiip-ketti/