Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі біріктіріле ме: төраға жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұлттық банк
Кадр: КТК арнасы

Бүгінгі өткен брифингте ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне біріктіріле ме?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біз өз міндеттеріміздің бір бөлігі ретінде тенденцияларды мұқият қадағалаймыз. Мен Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі біріктіреді дегенді еш жерден естімедім.

Біздің ойымызша, екі реттеушінің қазіргі құрылымы мемлекеттік басқарудың қажеттіліктеріне толық жауап береді. Біз бірікккенін нақты қаламаймыз. Біз бәрі тұрақты және өз шегімен болып жатыр деп есептейміз", - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі болып саналады, ол еліміздегі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.

Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін есепке алмағанда, өзге банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық банк өз құзыреті шегінде халықаралық банктер мен өзге де қаржы-кредит ұйымдарында басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынас орнатқан кезде Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2133087-ulttyq-bank-pen-qarzhy-narygyn-retteu-zhane-damytu-agenttigi-biriktirile-me-toraga-zhauap-berdi/