Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме неліктен төмендетілгенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Ұлттық банк ғимараты. Фото
Ұлттық банк ғимараты. Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме неліктен төмендетілгенін түсіндіріп, ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы орталық банктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 14,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

"Шешім қабылдау барысында инфляцияның динамикасы мен тәуекелдер балансы ескерілді. Мамыр мен маусымда жылдық инфляция Ұлттық Банктің болжамдары шегінде біртіндеп төмендеуін жалғастырды және ол болжамды диапазонның ортасынан сәл төмен қалыптасты. Ал ифляциялық күтулерге келетін болсақ, сәуірдегі жоғары көрсеткіштен кейін инфляциялық күтулері маусым айында 13,3 пайызға дейін төмендеді", - делінген төраға мәлімдемесінде.

Оның сөзінше, сыртқы инфляциялық жағдай әлемдік азық-түлік бағасының динамикасына және Ресейдегі инфляцияның жеделдеуіне қарай қолайсыз қалыптасқан.

"Қабылдаған шешіміміз ақша-кредит саясатының ұстамды қатаң сипатын сақтау позициясына негізделген. Бұл бағаның өсуін бәсеңдетуге және инфляция бойынша пайыз мақсатқа қол жеткізуге арналған трендті бекіту үшін қажет.

Қорыта келе, инфляция біртіндеп баяулағанымен, бірнеше тәуекел факторларының сақталып отырғанын атап өткім келеді.

Сыртқы ортада олар Ресейдегі неғұрлым жоғары инфляциядан және азық-түлік бағасының көтерілуінен туындап отыр", - деді Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2133201-ulttyq-bank-toragasy-bazalyq-molsherleme-nelikten-tomendetilgenin-tusindirdi/