Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қордың ақшасы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының акцияларын сатып алуға жұмсалады

Жарияланған күні:

Қазатомөнеркәсіп
Қазатомөнеркәсіп. Фото: kazatomprom.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңгеге "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда Ұлттық қордан қомақты қаржыны жоспардан тыс алу жоспарлануда. ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша, республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Үкімет "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға 467,4 млрд теңгеге сатып алу туралы шешім қабылдады.

Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (ҚҰБ) Ұлттық қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады.

Дегенмен барлық сома нарыққа бірден түспейді.

Нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық Банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, осы жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк 4 ай ішінде 970 млн АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк 2024 жылы теңге бағамын айтарлықтай қолдаған Ұлттық қордан аударымдарды жүйелі түрде жүзеге асырады. Алайда олардың көлемінің азаюымен ұлттық валюта да әлсірей бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2134059-ulttyq-qordyng-aqshasy-qazatomonerkasip-kompaniiasynyng-aktsiialaryn-satyp-aluga-zhumsalady/