Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биржада теңгенің долларға шаққандағы бағамы қайта нығайды

Жарияланған күні:

Доллар мен теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 15 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,2 теңгеге жуық төмендеді, деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәл қазір Қазақстанда бір АҚШ долларының құны 472,49 теңге болып отыр. Алдыңғы саудадан бері америкалық валюта 2,17 теңгеге арзандады.

NUR.KZ сайтының айырбас бағамы парақшасынан алынған мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер долларды мына бағамен саудалап жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 470,10-472,50 теңге, сату – 474,30-475,10 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 470,10-471 теңге, сату – 475-475,10 теңге.

Қазақстандық айырбастау орындарында, Kurs.kz мәліметі бойынша, долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 472-473,2 теңге, сату – 473,7-475 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 469-471 теңге, сату – 474-475 теңге.

Еске сала кетейік, 9 шілдеде Қазақстан айырбастау пункттерінде доллар бағамы 480 теңгеден асқан болатын. Одан кейін доллар 3,94 теңгеге қымбаттады. Соған қарамастан сарапшылар қазір Қазақстанда теңгенің бұдан әрі құлдырауы болмайды деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2134347-birzhada-tenggening-dollarga-shaqqandagy-bagamy-qaita-nygaidy/