Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алтын және неке жүзігі қаншалықты қымбаттады

Жарияланған күні:

Неке сақинасы
Неке сақинасы. Көрнекі сурет: pexels.com

Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі құлдырап, ал бағасы өсіп жатыр. Мысалы, соңғы бір жылда неке жүзіктері 3,3 пайызға қымбаттаған. Елімізде тағы не қымбаттағанын KAZ.NUR.KZ материалынан біліңіз.

EnergyProm порталының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың бес айында Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісінің көлемі 524,8 млн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 0,8 пайызға аз.

Осының аясында зергерлік бұйымдардың бағасы көтеріліп жатыр. Рас, бұл өсімді шамадан тыс деп атауға келмес. Мысалға алар болсақ, алтыннан жасалған неке жүзіктері бір айда 0,2 пайызға, ал бір жылда небәрі 3,3 пайызға қымбаттады. Ал қол сағаттары мен басқа да зергерлік бұйымдар бір айда 0,4 пайызға, ал бір жылда 5 пайызға қымбаттады.

Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылы сағаттар мен зергерлік бұйымдар бағасының өсімі 35,3 пайыз, ал неке жүзіктерінің бағасы 38,9 пайыз болды.

Зергерлік бұйымдардың қымбаттауы
Зергерлік бұйымдардың қымбаттауы. Инфографика: energyprom.kz

Дегенмен Қазақстанда жалпы алтынның қымбаттап бара жатқанын ескерсек, зергерлік бұйымдар бағасының өсуі қалыпты деңгейде қалып отырғанын айта кеткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында 1 грамм алтынның бағасы рекордқа жетіп, 35 320,75 теңге болды.

Алайда Ұлттық банктің соңғы мәліметі бойынша, 15 шілдеде рекорд жаңарған – алтынның бағасы 1 грамм үшін 36 717,55 теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бірден 31,44 пайызға артық.

Басқаша айтқанда, 2024 жылы елдегі зергерлік бұйымдардың бағасы алтын сияқты шарықтап кеткен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2134947-qazaqstanda-altyn-zhane-neke-zhuzigi-qanshalyqty-qymbattady/