Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Жарияланған күні:

Теңге мен доллар
Теңге мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасында доллардың құны тағы көтерілді, бұған KASE ресми сайтындағы мәліметтер дәлел, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Доллардың орташа бағамы 474,62 теңге болып, KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 2 теңгеге өсті.

Айта кетейік, кеше АҚШ валютасы қаатысында теңге нығайғаннан кейін Қазақстанда бір АҚШ долларының құны 472,49 теңге болған еді.

NUR.KZ валюта бағамы парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, екінші деңгейлі қазақстандық банктерде долларды келесідей бағамен сатып жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 472,2-475,0 теңге, сату – 476,5-477,2 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 472,2-472,5 теңге, сату – 476,5-477,2 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазақстандық айырбастау пункттерінде долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 474,7-475,5 теңге, сату – 475,8-476,9 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 472 теңге, сату – 477 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2134974-qazaqstanda-dollar-tagy-qymbattady/