Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалпыға бірдей декларациялауға қатысты ең жиі қойылатын бес сұраққа жауап

Жарияланған күні:

Жалпы декларация
Жалпыға бірдей декларациялау. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялауға қатысты ең көп қойылатын сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ комитеттің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

1. Бейрезиденттер 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қажет пе ?

Жөқ, қажет емес. Салық кодексіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент жеке тұлғаларды деклараттар шеңберінен активтер мен міндеттемелер декларацияны ұсыну міндеттен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2. Мен дара кәсіпкермін және 2023 жылы қызметтімді тоқтаттым. 2024 жылы 250.00 нысанындағы декларацияны тапсыруым керек пе?

Иә, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер (250.00-нысан) өз қызметін тоқтата тұрған және әрекетсіз кәсіпкерлерге де туындайды.

3. Менде Қазақстанның бірнеше қаласында жылжымайтын мүлік бар. Мен барлық пәтерімді декларацияда көрсетуім керек пе?

Жоқ, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда Қазақстан Республикасынан тыс шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік қана көрсетіледі.

4. Бұрын мемлекеттік қызметші болған және 250.00 және 270.00 нысанды декларацияны тапсырған. Өткен жылы зейнетке шықты. Биылғы жылы 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыруым керек пе?

Иә, керек. Салық кодексінің 633-бабына сәйкес жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген, бұрын 250.00 нысанындағы декларацияны ұсынған барлық жеке тұлғалар мәртебесіне қарамастан (мемлекеттік қызметтен кеткен, зейнетке шыққан және т. б.) жыл сайын 270.00 нысанындағы декларацияны табыс етеді.

5. Егер менде жылқылар мен басқа да жануарлар көп болса, үй жануарларын декларацияда көрсету керек пе?

Декларацияда азаматтар өз қалауы бойынша бірлік құны (1 бас) 3,5 млн теңгеден (1000 АЕК) асатын қымбат тұқымды жануарларды декларациялай алады. Мысалы, асыл тұқымды жылқы, экзотикалық жануар.

Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті органдардан алады. Сол себепті оларды декларациялау қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2136033-zhalpyga-birdei-deklaratsiialauga-qatysty-top-5-suraq-zhauap/