Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасындағы 18 шілдедегі сауда-саттықтан кейін доллар құны тағы да өсті. Бұған KASE ресми сайтындағы деректер дәлел, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге көтеріліп, 477,03 теңгеге жетті. Осылайша доллардың бір айдағы өсімі 18,88 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, қазақстандық айырбастаушыларда, долларды мын бағамен сатып алып және сатып жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 474-477 теңге, сату – 477,5-480 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 474 теңге, сату – 479 теңге.

Сонымен қатар NUR.KZ сайтының валюта бағамы бетіндегі ақпаратқа сәйкес Қазақстанның екінші деңгейлі банктері долларды мынадай бағамен саудалап жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 474,5-476,5 теңге, сату – 478-479,5 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 474,5-473 теңге, сату – 478,5-479,5 теңге.

Еске сала кетейік, 16 шілдеде доллардың орташабағамы 474,62 теңге болды. Ол кездегі өсім де 2 теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2136273-qazaqstanda-dollar-tagy-qymbattady/