Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табыс мөлшері адамның бақыт деңгейіне қалай әсер етеді: ғалымдар түсіндірді

Жарияланған күні:

Көлік, калькулятор, ақша
Көлік, калькулятор, ақша. Көрнекі фото: Freepik/xb100

АҚШ ғалымдарының жаңа зерттеуі адамның табыс деңгейі мен бақыт сезімі арасында байланыс бар екенін көрсетті, деп хабарлайды The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Пенсильвания университетінің жанындағы Уортон бизнес мектебінің аға ғылыми қызметкері Мэтт Киллингсворт үй шаруашылығының жылдық табысы кемінде 10 000 АҚШ доллары болатын 18 бен 65 жас аралығындағы 33 269 жұмыс істейтін америкалыққа сауалнама жүргізді. Сауалнама өмірге қанағаттану деңгейіне қатысты болды.

Килингсворт сонымен қатар өте байлардың да (капиталы 3 миллион доллардан 7,9 миллион долларға дейінгілер) деректерін пайдаланды.

Зерттеу бай адамдар мен орташа табысы бар адамдар арасындағы бақыт алшақтығы орташа табысы бар адамдар мен төмен жалақы алатындарға қарағанда үлкенірек екенін көрсетті.

"Байлар мен табысы жылына 70-80 мың доллар адамдар арасындағы өмірге қанағаттану айырмашылығы жылына 70-80 мың доллар табысы бар адамдар мен ең төменгі табысы бар екі топтың орташа көрсеткіші арасындағы айырмашылықтан үш есе көп болды", — делінген Киллингсворттың зерттеуінде.

Ғалымның айтуынша, бақыт деңгейіндегі айырмашылық көп нәрсені сатып алу қабілетінен гөрі тереңірек себептерге байланысты болуы мүмкін.

"Ақша мен бақыт арасындағы байланысты бай адамдар өз өмірін өздері басқаратындай сезінетіндігімен түсіндіруге болады. Олар өздері қалағандай өмір сүруге көбірек еркіндікке ие", - дейді Мэтт Киллингсворт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2136990-tabys-molsheri-adamnyng-baqyt-denggeiine-qalai-aser-etedi-galymdar-tusindirdi/