Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қор нарығында доллар бірден 5 теңгеге арзандады

Жарияланған күні:

Теңге және доллар
Теңге және доллар: KAZ.NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін, 22 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 5,13 теңгеге арзандады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 473,15 теңгені құрап, 5,13 теңгеге төмендеді.

NUR.KZ сайтындағы айырбас бағамының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер долларды келесі бағамен саудалайды:

Алматыда: сатып алу – 470,40-473,10 теңге, сату – 475-475,50 теңге;

Астанада: сатып алу – 470,40-471,50 теңге, сату – 475,40-475,50 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазақстандық айырбастаушылардан долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

Алматыда: сатып алу – 473-473,5 теңге, сату – 474-475 теңге;

Астанада: сатып алу – 471-472 теңге, сату – 476-477 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде, жұма күнгі сауда-саттықта доллар бағамы 1 теңгеден сәл артық көтеріліп, 478,28 теңге болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2138040-dollar-birden-5-tenggege-arzandady/