Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өндірісі де, бағасы да қымбаттап жатыр": қазақстандықтар қанша шұжық жейді

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда шұжық өндірісі де, бағасы да өсіп жатыр. Ал халықтың пісірілген шұжықты сатып алуы 2,2 пайызға төмендесе, жартылай ысталған шұжық тұтыну 0,3 пайызға ғана өскен. Толығырақ KAZNUR.KZ сайтында.

EnergyProm порталы хабарлағандай, қаңтар-маусым аралығында Қазақстанда 32,8 мың тоннаға жуық шұжық және басқа да ұқсас өнімдер өндірілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға артық.

Алайда, шын мәнінде, отандық компаниялардың шамасы келмей жатыр: қаңтар-сәуірде олар нарық сұранысының 60,8 пайызын ғана қамтамасыз етті, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 62 пайыз болған еді.

Ал шұжық бағасы әрі қарай да өсіп жатыр. Маусымдағы өсім бір жыл ішінде 5,6 пайыз болды. Пісірілген шұжық – 4,4 пайызға, жартылай ысталған шұжық – 6,8 пайызға, сарделька және ұсақ шұжықтар – 4,7 пайызға қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Шымкент пен Қызылорда облысында тіркелді. Әр облыста 12,8 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Қарағанды ​​облысы мен Астана – сәйкесінше 10,2 пайыз және 7,9 пайыз.

Алматыда баға бір жылда 7,2 пайызға өсті, ал Солтүстік Қазақстан облысы ең аз өсім көрсетті – бар болғаны 1,1 пайыз. Атырау және Батыс Қазақстан облыстары ерекше болды – мұнда баға керісінше 2,9 пайызға және 3 пайызға төмендеген.

Шұжық өнімдері
Шұжық өнімдерінің қымбаттауы. Инфографика: energyprom.kz

Пісірілген шұжықтың бір келісінің орташа бөлшек сауда бағасы 2024 жылғы маусымда 2,9 мың теңге, ал жартылай ысталған шұжық 3,6 мың теңге болды.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде пісірілген шұжықтың ең жоғары орташа бағасы Ақтауда (3,9 мың теңге), ең төменгісі Оралда (2 мың теңге) белгіленді. Жартылай ысталған шұжықтың бір келісі орташа есеппен Астанада ең қымбат (4,8 мың теңге), ал ең арзаны Ақтөбеде (2,6 мың теңге).

Бұл ретте, өндірістің артуына қарамастан, бірінші тоқсанда Қазақстанда пісірілген шұжықты тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 652 грамм болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,2 пайызға аз. Ал жартылай ысталған шұжықты тұтыну үш айда небәрі 0,3 пайызға – 982 грамға дейін өсті.

Бір қызығы, қалаларда жартылай ысталған шұжықты, ал ауылдарда пісірілген шұжықты көбірек алады. Мысалы, орташа алсақ, қала тұрғыны бір тоқсанда 636 грамм, ауыл тұрғыны 676 грамм пісірілген шұжық алған. Жартылай ысталған шжықтың көрсеткіштері сәйкесінше 1 килограмм және 878 грамм болды.

Бірақ бұл Қазақстанның әрбір тұрғыны үш айда бір жарым келі шұжық жейді деген сөз емес. Мәселе мынада, жан басына шаққандағы орташа тұтынуды есептеу кезінде барлық азаматтар, соның ішінде бұл өнімді мүлде тұтынбайтындар да есепке алынады. Осы себепті бұл көрсеткіш шұжықты жиі жейтіндер арасында төмен сияқты көрінуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2138517-ondirisi-de-bagasy-da-qymbattap-zhatyr-qazaqstandyqtar-qansha-shuzhyq-zheidi/