Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк қазақстандықтармен ақшалай есеп айырысу жүргізіп жатыр ма

Жарияланған күні:

Ұлттық банк ғимараты. Фото
Ұлттық банк ғимараты. Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банктің жалған қызметкерлері қазақстандықтарға хат жаза бастады. Бірақ департаменттің өзі ел тұрғындарымен ақшалай есеп айырысуды жүргізбейтінін ескертеді. Жаңа қауіп туралы KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Алаяқтар соңғы кездері көптеген қулық-сұмдыққа барып жүр. Олар өздерін кейде полицей, банк қызметкері немесе әлеуетті құрбанның жақын туыстары болып таныстырады.

ҚР Ұлттық банкінің (ҚҰБ) өкілдерінің хабарлауынша, қылмыскерлер олардың да атын жамылып, халыққа хабарласа бастаған.

"WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде немесе "ВКонтакте", "Одноклассники" және "Фейсбук" әлеуметтік желілерінде, соның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі басшылығының жалған аккаунттарын жасау арқылы жаппай фишингтік хабарлама таратып жатыр", - деп ескертті Ұлттық банк өкілдері.

Алаяқтар өздерін ҚР Орталық банкінің қызметкеріміз деп таныстырып, жалған қызметтік куәлік көрсетеді, қоңырауды бөгде тұлғаларға бағыттайды, сондай-ақ банк аударымдары үшін деректемелер мен жалған қаржылық құжаттар ұсынады.

Әңгімелесу барысында шабуылдаушылар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қаржы институттарындағы "алаяқтарды ұстау операцияларына" қатысып жатқанын, "жедел тексерулер" жүргізетінін немесе қандай да бір арнайы операция жасау үстінде екенін айтып алдауы мүмкін.

Осыған байланысты ҚР Ұлттық банкі азаматтарды тексерілмеген аккаунттраға және күдікті телефон қоңырауларына сенбеуге, жеке деректерін жарияламауға, күмәнді сілтемелерді баспауға және үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша қосымшалар орнатпауға шақырады. Себебі олар арқылы қылмыскерлер смартфонға немесе мобильді банкингке қол жеткізуі мүмкін.

Сондай-ақ Ұлттық банктің жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, қаражатты сақтандырмайтынын, халықпен ақшалай есеп айырысуларды жүргізбейтінін ескерген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2138637-ulttyq-bank-qazaqstandyqtarmen-aqshalai-esep-aiyrysu-zhurgizip-zhatyr-ma/