Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жүргізуші куәліктері мен нөмірлік белгілерді берудің жаңа бағасы белгіленді

Жарияланған күні:

Көлік, калькулятор, ақша
Көлік, калькулятор, ақша. Көрнекі фото: Freepik/xb100

Қазақстанда жүргізуші куәліктерін, техникалық төлқұжаттарды, автокөліктерге мемлекеттік нөмірлерді беруге, сондай-ақ оларды жеделдетіп шығаруға жаңа бағалар белгіленді. Бұл қызметтердің құны туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

Telegram-дағы "Юрист Параграф" арнасының мәліметінше, Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді (техникалық төлқұжаттарды), сондай-ақ автомобильдерге мемлекеттік нөмірлік белгілерді дайындау бойынша көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы бұйрық шығарды.

Осылайша, құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз) енді келесідей жүзеге асады:

  • жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;
  • көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 3 923 теңге;
  • "ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 126 теңге.

Бұл ретте мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің телнұсқалары мен сұранысы жоғары нөмірлердің жеделдетілген өндірісінің бағаларын бекіту туралы тағы бір бұйрық шығарылды.

Telegram-дағы "Юрист Параграф" арнасының мәліметінше, көлік нөмірлері Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал және Өскеменде 1 жұмыс күнінде шығару құны (бірінші жеделдік санаты) енді 13 773,9 теңге болады.

Жезқазған, Қонаев, Көкшетау, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар үшін жеделділіктің екінші санаты (5 жұмыс күні) қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2139132-qazaqstanda-zhurgizushi-kualikteri-men-nomirlik-belgilerdi-beruding-zhanga-bagasy-belgilendi/