Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді тіс емдете алмайды: Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесі өзгеруі мүмкін

Жарияланған күні:

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидасына өзгеріс енгізілмек. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бұйрық әзірледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге пайдалануды уақытша тоқтатуды ұсынып отыр.

"Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына 1-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы 2024 жылғы 10 тамыздан 2025 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтатыла тұрсын делінген", - бұйрықта.

Бұл тармақта бұған дейін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, импланттау) бөлу қарастырылған еді.

Оның орнына министрлік біржолғы зейнетақы төлемдерін баласын емдетуге пайдалану мүмкіндігін ұсынып отыр.

"Алушыға өз баласын емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға жол беріледі", - делінген құжатта.

Құжат 7 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2139213-endi-qazaqstandyqtar-zeinetaqy-zhinagyna-tisin-emdete-almaidy-qazaqstanda-zeinetaqy-zhinaqtaryn-paidalanu-erezhesi-ozgeredi/