Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың медсақтандыруы депозитке салына ма: ӘМСҚ өкілдері қауесетке қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері
Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС активтерін инвестициялау механизмін түсіндірді. Бұл туралы қорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Facebook-тегі парақшасында міндетті медициналық сақтандыру активтерін инвестициялау бойынша түсініктемелер жариялады.

"Ұлттық банк уақытша бос қаражатты МӘМС активтерін ұлғайтатын және тек медициналық қызметтерге ақы төлеуге жіберілетін инвестициялық табыс алу үшін қаржы құралдарының бекітілген тізбесіне сәйкес қатаң түрде бағалы қағаздар мен депозиттерге орналастырады",- деп жазылды хабарламада.

Ұлттық банктің активтерді орналастыру құрылымы:

• 72,6% (741 млрд) – Мемлекеттік бағалы қағаздар; • 10,6% (108 млрд) – Облигациялар; • 16,8% (171 млрд) – Ұлттық банктегі қысқа мерзімді депозиттер.

Осылайша, МӘМС активтерін екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне орналастыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетейік, 113 млрд теңге көлемінде (2023 жылы) тапқан инвестициялық табыс қаражаты тек халыққа көрсетілген медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2141500-qazaqstandyqtardyng-medsaqtandyruy-depozitke-salyna-ma-amsq-okilderi-qauesetke-qatysty-pikir-bildirdi/