Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар арзандады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Доллар
Доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін, 31 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы 1,21 теңгеге арзанды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,21 теңгеге арзандап, 475,95 теңгені құрады.

NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, екінші деңгейлі қазақстандық банктерде доллар келесідей бағада саудалануда:

  • Алматыда: сатып алу – 471,50-474,10 теңге, сату – 475,50-476,50 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 471,50-472,50 теңге, сату – 475,50-476,50 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар келесідей бағамен саудаланып жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 474-474,5 теңге, сату – 475-476,3 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 472-472,5 теңге, сату – 475,5-477 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2142621-qazaqstanda-dollar-tagy-qymbattady/