Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KMF компаниясында жыл сайынғы WOW-Qoldau науқаны басталды

Жарияланған күні:

Жыл сайынғы WOW-Qoldau науқаны
Фото: KMF

5 тамыз бен 5 қазан аралығында өтетін науқан аясында KMF-Бизнес немесе KMF-Агро бағыттары бойынша 500 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит рәсімдеп, бизнеске арналған сертификаттардың ұтыс ойынына қатысуға болады!

Осы орайда өткен жылғы жеңімпаздардың оқиғаларымен бөліскіміз келеді, себебі олар ұтыстарын қайда жұмсағандары туралы әңгімелеп берді.

Гүлсім Кушаева, Орал:

"Мен KMF-пен екі жылдан бері жұмыс істеп келемін. Кәсібім - әйелдерге арналған киімдер сату. Науқан туралы менеджерімнен білдім. Бағым жанып жеңімпаз атандым. Ұтып алған қаржыға Алматыдан тауар алдым, расымен де кәсібім үшін керемет қолдау болды".

Сапаргүл Тайлыбаева, Шымкент:

"Мен 14 жылдан бері KMF-тің клиентімін. Саудамен айналысамын, шыны керек науқан туралы естіген жоқпын, кәсібім үшін несие алғанымда автоматты түрде қатысушы атаныппын. Ұттыңыз деп хабарласқанда қатты қуандым. Кәсіппен айналысу оңай емес, күш керек. Сол үшін де демалыс алып, ұтысыма Бурабайға барып демалып қайттым, сөйтіп жаңа күшпен кәсібімді одан әрі жалғастырып келемін".

Салтанат Қоспағамбетова, Ақтөбе:

"KMF-пен жұмыс істеп келе жатқаныма 10 жылдан асты. Мен еттен жасалған жартылай дайын өнімдерді шығарумен айналысамын. Науқан туралы KMF-тің Инстаграмдағы парақшасынан білдім. Жолым болып, жеңімпаз атандым. Ұтысымды студент бауырымның оқу ақысын төлеуге, жақындарымды қуантып, үйімді жаңалауға жұмсадым. Алғысым шексіз!".

Замира Салиева, Түркістан:

"KMF-пен кәсіп жүргізіп келе жатқаныма 13 жыл болды. Ерлерге арналған киім-кешек сатумен айналысамын. Жеке менеджерім науқан болатынын айтып, қатысып, бағым жанды. Ұтыстың арқасында өзіме ғана емес, немерелеріме де керемет қуаныш сыйлай алдым, бәріміз бірге Ташкентті аралап қайттық".

Рашид Несіпбаев, Қаратау қаласы:

"Мен 3 жылдан бері KMF клиентімін, зауытта жұмыс істеймін, бос уақытымда жолаушыларды қалаға және қала сыртына тасымалдаумен айналысамын. Науқан туралы бөлімшеде білдім, жеңімпаз атанғанымда қатты таңғалдым. Ұтысыма үйді жөндеп, керек-жарақтар алдым".

Науқан туралы толығырақ qoldau.kmf.kz сайтынан білуге болады. Биылғы жүлде қоры: 500 000 теңгенің 15 сертификаты және 100 000 теңгенің 120 сертификаты. Жеңімпаздар ұтыс ойыны өтетін күні белгіленген нөмірлердің көмегімен, кездейсоқ түскен сандар арқылы анықталады. Ұтыс ойынының тікелей трансляциясы KMF-тің Инстаграмдағы парақшасында @kmf_kz өтеді.

Қатысуға асығыңыз – Табыс Сізден, қолдау бізден!

*Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2143860-kmf-kompaniiasynda-zhyl-saiyngy-wow-qoldau-nauqany-bastaldy/