Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бума ақша
Бума ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 13 тамызда Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша доллар мен еуро бағамы қайта көтерілді. Доллар бір тәулікте 0,28 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

KASE сайтының мәліметінше, бүгін, 13 тамызда доллар бағамы бір тәулікте 0,28 теңгеге көтеріліп, 479,44 теңге болды. Бір айдағы өсім 6,82 теңгеге жетті.

Еуроға келетін болсақ, қазіргі бағам 523,52 теңге, валюта бір айда 5,57 теңгеге өскен.

NUR.KZ сайтының айырбас бағамының мәліметінше, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды мына бағамен саудалап жатыр:

Алматы:

  • доллар: сатып алу – 476,95-479,9 теңге, сату – 480,95-482 теңге;
  • еуро: сатып алу – 520,49-523,50 теңге, сату – 526,5-527,50 теңге.

Астана:

  • еуро: сатып алу – 520,49-520,5 теңге, сату – 526,99-527,5 теңге;
  • доллар: сатып алу – 476,95-478 теңге, сату – 480,95-482 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазақстандық айырбастау пунктерінде долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

Алматы:

  • доллар: сатып алу – 480-480,4 теңге, сату – 481,3-481,9 теңге;
  • еуро: 523-524,5 теңге, сату – 526-527,5 теңге.

Астана:

  • доллар: сатып алу – 477-478 теңге, сату – 481-482 теңге;
  • еуро: сатып алу – 520-521 теңге, сату – 525-526 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2148442-qazaqstanda-dollar-tagy-qymbattady/