Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жол апатына себепкер болған жаяу жүргіншілерге айыппұл салына ма

Жарияланған күні:

Жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргінші жолағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жол-көлік оқиғасы болған кезде жаяу жүргінші де кінәлі болуы мүмкін. Ал мұндай жағдайда 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Жаяу жүргіншілерге қатысты ережелер туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Жол қозғалысына қатысушыларға тек автокөлік, мотоцикл, мопед және басқа да көліктермен қатар, жаяу жүргіншілер де жатады.

Сондықтан жол қозғалысы ережелерінде олардың құқықтарына, жауапкершілігіне және қауіпсіздігіне әсер ететін тармақтар бар. Алайда жол қозғалысы ережелерін бұзу арқылы жаяу жүргіншілер жол-көлік оқиғасына кінәлі болуы және үшінші тұлғаларға зиян келтіруі мүмкін.

Заң не дейді?

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабында – (ӘҚБтК) "Жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы" қарастырылған.

Бұл бапта бұзушылықтардың мынандай түрлері және оларға қатысты жазалар қарастырылған:

  • Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы – екі айлық есептiк көрсеткiш (2024 жылы 7 384 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
  • Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш (2024 жылы 36 920 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
  • Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш (2024 жылы 36 920 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
  • Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш (2024 жылы 73 840 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

Сондықтан жаяу жүргіншілер де жауапкершілікті естен шығармауы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2150836-qazaqstanda-zhol-apatyna-sebepker-bolgan-zhaiau-zhurginshilerge-aiyppul-salyna-ma/