Елімізде банктер алаяқтар рәсімдеген несиелерді есептен шығаруға міндеттелді
Жарияланған күні:
20 тамыздан бастап қазақстандық кредиторлар азаматтарға заңсыз берілген несиелерді есептен шығаруға және алаяқтықты тергеу барысында несиені "тоқтата тұруға" міндеттелді. Мұның мән-жайын KAZ.NUR.KZ тілшілері білді.
Қазақстан алаяқтармен белсенді күресуде, алайда ол әрдайым сәтті бола бермейді. Алаяқтық салдарынан азаматтар ақшасынан айырылып қана қоймайды, өз атынан алған заңсыз несие тұрғындарға қосымша қарыз болуы мүмкін.
Мұндай несиелерді есептен шығару азаматтарды қорғаудың және банктер мен микроқаржы ұйымдарын (МҚҰ) алаяқтықтан қорғауды күшейтуге міндеттеудің тиімді құралы бола алады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, мұндай қаулы 20 тамыздан бастап күшіне енді. Ол алаяқтар берген несиелер бойынша тергеу шаралары басталса, несие берушілерге сыйақы мен талап қою жұмысын тоқтатуды міндеттейді.
Ал егер сот шешімімен несие клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені анықталса, онда несие берушілер зардап шеккен қарыз алушының несиесін толығымен есептен шығаруға мәжбүр болады.
Яғни, несиені алаяқтар алғаны анықталса, несие беруші алдымен оны "тоқтата тұрып", алаяқтық фактісі сотта дәлелденгеннен кейін оны толығымен есептен шығаруға мәжбүр болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2151538-elimizde-bankter-alaiaqtar-rasimdegen-nesielerdi-esepten-shygaruga-mindetteldi/