Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеңілдетілген несие берудің жаңа бағдарламасы іске қосылмақ

Жарияланған күні:

Есеп жүргізіп отырған адам
Есеп жүргізіп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков жеңілдетілген несиелеудің жаңа бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бағдарламаға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатыса алатынын айтты.

Вице-министрдің айтуынша, биыл үкімет 2028 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытудың кешенді жоспарын қабылдады.

"Жақында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатыса алатын жаңа жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылады. Олар 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша берілетін несиелерді отандық шикізат сатып алуға пайдалана алады. Қазіргі уақытта осы мақсатта 30 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұған қоса 2025 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешен субъектісі субсидия алуға өтінім бермей, бірден арзандатылған несие алуға мүмкіндік беретін қаржы институттарын тікелей субсидиялау басталатыны атап өтілді.

Министрлік өкілінің сөзінше, бұл бағыт қазір сынақтан өткізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2152663-qazaqstanda-zhengildetilgen-nesie-beruding-zhanga-bagdarlamasy-iske-qosylmaq/