Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЕК өсуіне байланысты айыппұлдар қалай өсуі мүмкін

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2025 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 6,5 пайызға өседі деп күтіліп отыр. Осыған байланысты барлық айыппұл 6,5 пайызға өседі. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бұған дейін 2025 жылы айлық есептік көрсеткішті бірден 6,5 пайызға, 3 932 теңгеге дейін ұлғайту жоспарланғаны мәлім болды. Осыған байланысты Қазақстанда АЕК-ке тікелей тәуелді барлық төлем өседі, мысалы, жәрдемақылар, салықтар мен айыппұлдар, бұл жайт әсіресе жүргізушілер үшін өзекті болуы мүмкін.

Мәселен, көлік тізгіндеп отырған қазақстандықтардың басым бөлігіне жылдамдықты асырғаны үшін көп айыппұл салынып жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, жылдамдық режимін сағатына 10-20 шақырымға бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қажет болады. Қазір бұл сома 18 460 теңге болып тұр, бірақ 2025 жылы ол 19 660 теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін.

Жылдамдықты едәуір арттырғаны үшін (20-дан 40 км/сағ-қа дейін) тиісінше 10 АЕК айыппұл салынады, АЕК өскен жағдайда 39 320 теңге болуы мүмкін. Ал жылдамдық режимін сағатына 40 км-ден асырған жағдайда 20 АЕК айыппұл салынады, яғни сома 78 640 теңгеге жетеді.

Сондай-ақ Қазақстандағы кейбір жүргізушілер қауіпсіздік белдіктерін тақпайды. Бұл ережені бұзғаны үшін 5 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Тиісінше, 2025 жылы айыппұл сомасы 19 660 теңге және 39 320 теңге болуы мүмкін.

Осылайша, көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітілген жағдайда АЕК-тен кейін елдегі барлық басқа айыппұл дәл 6,5 пайызға өседі. Сондықтан азаматтар келесі жылдан бастап ереже бұзғаны үшін көбірек шығындалуы мүмкін екенін ескеруі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2154264-qazaqstanda-aek-osuine-bailanysty-aiyppuldar-qalai-osui-mumkin/