Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теңге құнсыздануы мүмкін бе: ұлттық банк басшысы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Доллар мен теңге купюралары
Доллар мен теңге купюралары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте "Теңге құнсыздануы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер кейбір сарапшылардың "Доллар 900 теңге тұрады деген ертегі емес, Қазақстан үшін мүмкін болатын шындық" деген пікіріне сүйеніп, Сүлейменовтен ұлттық валютаның құнсыздану қаупі бар-жоғын сұрады.

Бұл сұраққа ұлттық банк басшысын күле жауап берді.

"Кешірім сұраймын, бәлкім, бұны осылай қабылдайтын шығармын. Алайда біріншіден, "әкімшілік девальвация" деген термин маған мүлдем таныс емес. Сыбыс қайдан шығып жатқанын түсінемін: десе де қандай да бір әкімшілік шешіммен бағам бір сәтте осындай болды, сосын біреу жазған соң бағам мынандай болды деген болмайды", - деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, 2014-2015 жылдардағы девальвациялар бекітілген баға режимінде жүргізілген.

"Валюта бағамы 2009 жылдан 2014 жылға дейін сақталды, 5-6 жыл бойы ол 150 теңге деңгейінде тұрды, бұл біздің қанша сатқанымызға, қанша сатып алғанымызға, экспорт қандай болды, импорт қандай болды, оған байланысты емес. Ұлттық банк бұл айырмашылықты толығымен өтеп берді, ол алтын резервтерін жұмсай отырып, бірде сатып алып, біресе сатып отырды. Бұл белгіленген валюта бағамының режимі болды. 2015 жылы біз одан кеттік. Бағам өздігінен құбылып отыратынын айттық: сұраныс қандай болса, бағам сондай болады", - деді ұлттық банк басшысы.

Нәтижесінде ол "құбылмалы валюта бағамы режимінде әкімшілік девальвация мүмкін емес" деп сендірді.

"Біз, әрине, бұл тақырыпта техникалық тереңдікке үңілу үшін осындай пікір білдіретін сарапшылармен де сөйлесе аламыз. Осы жайтты пайдаланып, құбылмалы теңге бағамы режимінде "әкімшілік девальвация" болмайтынын айтқым келді. Үлгілер бар, біз әрдайы біздегі цифрларға қарап, айта да, көрсете де аламыз", - деп түйіндеді сөзін Тимур Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2154964-qazaqstanda-tengge-qunsyzdanuy-mumkin-be-ulttyq-bank-basshysy-pikir-bildirdi/