Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сынақтар, мүмкіндіктер мен келешек: Қазақстандағы қымбат металдар нарығының дамуы

Жарияланған күні:

Ерлан Тасбулатов
Ерлан Тасбулатов. Фото: Bass Holding

Қымбат металдар нарығындағы қызмет — күрделі әрі көпқырлы процесс. Тәжірибе мен команданың кәсібилігін ескергеннің өзінде, бұл саладағы жаңадан келгендерге бірқатар маңызды қиындықтардан өтуге тура келеді. Нарықта орныққан компаниялармен бәсекелестіктен бастап қатаң реттеуші талаптарды сақтауға дейінгі әрбір кедергіні мұқият көзқараспен стратегиялық жоспарлау қажет.

Біз салыстырмалы түрде жас тау-кен компаниясы Block One Company-дің директоры Ерлан Тасбулатовпен сөйлестік. Ол даму жоспарлары, Алматы облысындағы кен орындарындағы жұмыс, өндіру тәсілдері, сондай-ақ Block One Company-дің сынақтарды қалай еңсеріп жатқаны және компанияның аймаққа қандай әлеуметтік және экономикалық пайда әкелуді жоспарлап отырғаны туралы айтты.

1. Өтінемін, компанияңыздың қызметі туралы айтып берсеңіз?

Block One Company қымбат металдар нарығында салыстырмалы түрде жақында ғана өз жұмысын бастады, дегенмен біздің команданың осы салада үлкен тәжірибесі бар және оны күнделікті жұмыста қолданамыз. Қазіргі уақытта біздің негізгі және жалғыз қызметіміз – алтын, күміс және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру.

2. Сіз алтынды қайда, қалай және қандай көлемде өндіресіздер?

Қазіргі уақытта бізде Алматы облысындағы Чинасыл-Сай кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиямыз бар. Бұл кен орны 1958 жылы кеңестік геологиялық барлау жұмыстары арқасында ашылған болатын. Сол кезде геологтар кен орнының әлеуетін жоғары бағалаған, бұл жалпы алғанда бүгінгі күні де расталып отыр. Дегенмен, осы кен орнындағы қорларды нақты түсіну үшін бізге геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу керек.

Кен орнын барлау және игеру жұмыстары, сондай-ақ фабриканы салу және одан әрі жұмыс істеуі қоршаған ортаға, қызметкерлер мен халықтың денсаулығына зиян әсерін барынша азайтып, заңнама талаптарына толық сәйкес келетініне көз жеткіздік. Өз қызметімізді нақты әрі ашық жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын, барлық нормативтер мен талаптарын мұқият сақтаймыз.

Біз – жеке меншік компаниямыз, және компанияның мақсаттарына жету үшін қызметімізді жүзеге асырудан бөлек, еліміздің саласын дамытуға өз үлесімізді қосуға, адамдарға көмек көрсетуге және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сай жұмыс істеуге тырысамыз. Сонымен қатар, біздің елімізде осы саланың дамуы мен көрсеткіштерінің артуы қажет екенін ұмытпаймыз, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтқан болатын. Ол сондай-ақ инвестицияларды тарту, өз өндірісімізді дамыту, «шикізаттық ойлаудан» арылу туралы айтқан еді. Біз де осы бағытта жұмыс істеп, тау-кен өндіру индустриясын дамытуға үлес қосуды мақсат етеміз.

Металл өндіру барысы
Фото: Bass Holding

3. Кейбір БАҚ-та жақын аумақтарда ауылдардың тұрғындары сіздердің жұмыстарыңызға қарсы шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл жағдайға қалай түсініктеме берер едіңіз?

Жалпы, жағдайды алдын ала түсіндіру маңызды деп санаймыз. Чинасыл-Сай кен орны Қастек ауылынан 20 км қашықтықта орналасқан. Біз осы аумақтағы пайдалы қазбалар туралы ақпаратпен бөлісу үшін қоғамдық тыңдаулар өткіздік, тұрғындармен сөйлестік, жұмысымыздың барысын түсіндіруге тырыстық. Өкінішке орай, тұрғындар арасында кейбір адамдар жұмыстардың жүргізілуіне қарсы болды.

Егер компанияның жоспарлары мен қазіргі жағдайы туралы айтатын болсақ, геологиялық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін, біз 2025 жылы өндіріске арналған лицензия алуды және 2026 жылы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын флотациялық байыту технологиясы бар толық циклды фабриканы іске қосуды жоспарлаудамыз.

Далалық геологиялық барлау жұмыстарына дайындық барысында біз жергілікті тұрғындардың қарсылығына тап болдық. Бүгінгі күні Кастек ауылының тұрғындарымен 10-нан астам кездесу мен келіссөздер өткізілді, оған жергілікті атқарушы және қадағалау органдарының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, тәуелсіз сарапшылар және барлық мүдделі тараптар қатысты.

Сондай-ақ, біз барлау жұмыстарын жүргізу үшін қосымша рұқсат құжаттарын сұрап, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы геологиялық барлау жұмыстары қоршаған ортаға минималды теріс әсер ететін IV санаттағы нысандарға жататынын ескеріп, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізудің қажеті жоқ деген негізделген бас тарту берді. Ол біздің жоспарланған жұмысымыз адамға да табиғатқа да жаманшылық келтірмейтінін ескертеді.

Біз жоспарланған тау-кен жұмыстарының ықтимал әсерлері туралы есеп жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткіздік. Алайда, қоғам экологтардың объективті және құзыретті дәлелдерін ескермеді. Жергілікті белсенділердің пікірінше, кен орнында уран мен кадмий қоры бар. Кадмий туралы айтатын болсақ, 2024 жылдың маусым айында біз Казмеханобр ғылыми-зерттеу институтының сарапшысына жүгіндік, ол кадмийдің еркін түрде экология мен осы аумаққа жақын жерде тұратын адамдардың денсаулығына зиян тигізбейтінін, ал кадмийдің тек батареялар мен аккумуляторлар сияқты дайын өнімнің құрамында ғана қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар, кен орнында уранның бар екендігі туралы деректер жоқ екенін атап өткіміз келеді.

Біз өз кезегімізде халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырамыз, жұмысымызды тек заң аясында және барлау жұмыстарын жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиямызға сәйкес бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан, біздің қызметіміз бұл аймақтың халқына және табиғатына ешқандай зиян келтірмейтінін атап өткіміз келеді, біз жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарының және, әрине, біздің жұмысшыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын барынша қамтамасыз етуге тырысамыз.

4. Сіздің қызметіңіз қандай пайда әкелуі мүмкін?

Кен орнын игеру жобасының іске қосылуы өңірдегі өнеркәсіпті дамытуға көмектеседі. Бұл инвестицияларды тартуға, жаңа кәсіпорындар құруға және жалпы өндіріс деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жоба облыс экономикасын әртараптандыру мен өнеркәсіпті нығайтуға маңызды қадам болмақ.

Бұл жерде жобаны жүзеге асырудан күтілетін салық түсімдері облыс бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюына әкелетінін атап өткен жөн деп ойлаймын. Бұл әлеуметтік бағдарламаларға, инфрақұрылымдық жобаларға және басқа да маңызды бастамаларға қаржыландыруды арттыруға мүмкіндік беріп, өңір мен оның тұрғындарына қосымша пайда әкеледі.

Біздің компания инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде мектептер, балабақшалар, жолдар және басқа да маңызды нысандарды салуға және жөндеуге көмектесуге дайын. Біз адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және әлеуметтік әл-ауқатқа ықпал етуге дайынбыз.

Біз өзіміздің үлкен жауапкершілігімізді түсінеміз және Алматы облысының дамуына, оның тұрғындарының өмірін жақсартуға белсенді ықпал етуге ниеттіміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2155329-synaqtar-mumkindikter-men-keleshek-qazaqstandagy-qymbat-metaldar-narygynyng-damuy/