Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр: Жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданады

Жарияланған күні:

Нұрлан Байбазаров фото
Нұрлан Байбазаров фото: Үкімет отырысы: видеодан скрин

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданатынын айтты. Жаңа құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Тиімділікті арттыру мақсатында жобада тиімсіз салық жеңілдіктерінің бір бөлігі алып тасталды, барлық берілген жеңілдік салық есептілігінде көрсетіледі. Корпоративтік табыс салығының (КТС) төмендетілген мөлшерлемесі көзделген – жоғары қайта бөлінген өнімді экспорттаушылар үшін 10 пайыз", - деді Байбазаров.

Айта кетейік, кеше президент жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін кейінге қалдырылды. Осыдан кейін желіде декларация өткізу мерзімі де кейінге шегерілуі мүмкін деген пікірлер пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2156514-ministr-zhanga-salyq-kodeksi-2025-zhyldyng-shildesine-deiin-qabyldanady/