Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өмір бойы жәрдемақы қандай аналарға беріледі

Жарияланған күні:

Ана мен бала
Ана мен бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда кей көпбалалы аналар мемлекеттен өмір бойы жәрдемақы ала алады. 2024 жылы мұндай аналардың саны 238 мыңға жетті. Толық ақпаратты KAZ.NUR.KZ сайтынан оқи аласыз.

Қазақстандағы балалы отбасылар жәрдемақы мен мемлекеттен қаржылай көмек ала алады. Сонымен қатар төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға қосымша қолдау көрсетіледі.

Кімдер өмір бойы жәрдемақы алады

Көпбалалы отбасылар әдетте балалары кәмелетке толғаннан кейін жәрдемақы алмайды. Алайда Қазақстанда өмір бойы мемлекеттен көмек алуға құқы бар аналардың жеке санаты бар.

Мысалы, кей аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталуы мүмкін. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңға сәйкес, бірінші белгі жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеген аналарға, ал екінші белгі алты бала туған аналарға беріледі. Бұрын мұндай әйелдерге "Батыр ана" атағы, сондай-ақ "Ана даңқы" ордендерінің 1 және 2 дәрежесі берілетін еді.

Мұндай аналар барлық баласы ер жетсе де, өмір бойы жәрдемақы ала береді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл бұл жәрдемақыны 238 мың ана алады. Сонда жалпы сомасы 70 млрд теңге төлеу жоспарланған. Бұл төлемдер табысқа қарамай төленеді.

"Күміс алқа" белгісі үшін 2024 жылы 6,40 АЕК, яғни 23 629 теңге, ал "Алтын алқа", яғни бұрын берілген "Ана даңқы" ордендері мен "Батыр ана" атағы үшін 7,40 АЕК немесе 27 321 теңге көлемінде төленеді.

Ведомство ақпаратынша, мұндай қолдау шарасы елдегі көпбалалы отбасылардың беделін арттыруға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2158927-qazaqstanda-omir-boiy-zhardemaqy-qandai-analarga-beriledi/