Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі

Жарияланған күні:

Нұрлан Байбазаров фото
Нұрлан Байбазаров. Скриншот: Үкімет отырысы

Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында жаңа салық кодексі 2025 жылы маусым аяғына дейін қабылданып, 2026 жылдың басынан бастап қолданысқа енетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр Нұрлан Байбазаров жаңа заң цифрлық активтерді реттеуге қажетті тетік деп отыр.

"Жалпыұлттық жоспарды көзделген негізгі бағыттарға тоқталсақ, ақша-несие саясаты желісі бойынша – банктер мен кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін жаңа Заң жобасы әзірленетін болады. Заң жобасының негізгі міндеттері – экономикалық белсенділікті ынталандыру, цифрлық активтерді және қаржылық технологияларды реттеу. Қабылдау мерзімі 2025 жылғы маусым айына жоспарланған", - деді ол.

Сондай-ақ Байбазорвтың айтуынша, енді банк секторына теңгерімді салық салуды енгізу жөніндегі шаралар қабылданатын болады. 

"Салық және бюджет саласын жетілдіру бойынша, осы жылдың соңына дейін кірістер мен шығындарды жоспарлау сапасын арттыру, бюджет тапшылығының орнын толтырудың өтемақылық тетіктерін енгізу, Ұлттық қордың активтерін басқару тиімділігін арттыру мәселелерін қамтитын бюджет заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады", - деді премьер-министрдің орынбасары.

2026 жылдың басынан жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Кодекс кәсіпкерлер үшін тиімді жағдайларды нашарлатпай, салық режимдерін оңтайландыру, жеке табыс салығы сараланған мөлшерлемесін белгілеуді мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, президент жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін кейінге қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2159554-zhanga-salyq-kodeksi-2026-zhyldan-bastap-qoldanysqa-engiziledi/