Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақы жинағын шешіп алу талаптары өзгере ме

Жарияланған күні:

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинағын шешіп алу мәселесіне тоқталып, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын алуға ешқандай шектеу болмайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Министрдің айтуынша, осы жылдың екінші жартыжылдығында да ел азаматтары зейнетақы қорындағы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан қаражатын алып жатыр.

Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда қаражат алу қарқыны біршама төмен. 

"Бұл ретте стоматологиялық ем алу немесе баспана жағдайын жақсарту бөлігінде тыйым салуға қатысты ешқандай реформа көзделіп отырған жоқ", - деді Светлана Жақыпова.

Айта кетейік, ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыс тобында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талаптарын күшейтуді пысықтап жатқанын айтқан болатын.

"Әсіресе, медициналық қызметке, стоматологияға қаражат керек деген желеумен мәліметтерді бұрмалаудың түрлі жағдайы кездесіп жатыр. Шын мәнінде, осы қаражат басқа мақсаттарға алған. Мұндай іс-қимылдарға жол бермес үшін талаптарды күшейту керек", — деген еді ҰБ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2159752-qazaqstanda-zeinetaqy-zhinagyn-sheship-alu-talaptary-ozgere-me/