Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 трлн теңге": қаржы вице-министрі білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі артатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Қаржы-қаражат есептеу
Қаржы-қаражат есептеу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы биыл бюджет шығыстарының басым бағыттары әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларына бағытталатынын айтты. Жалпы бюджеті шығыны 25,8 трлн теңге болса, бюджеттің 38 пайызы әлеуметтік салаға бөлінеді. Вице-министр бұл туралы мәжілісте "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын" таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абзал Бейсенбекұлының мәліметінше, әлеуметтік салаға 9 870 трлн теңге бөлінеді, бұл жалпы шығынның 38 пайызына тең. Осы сома ішіне әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт кіреді.

"Бюджеттің 2025 жылға арналған шығыстары – 25,8 трлн теңге, биылмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып отыр. Мемлекетіміз үшін әлеуметтік саясат басым бағыт болып қалып отыр. 2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары биылға қарағанда 794 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік саланың 2025 жылдық бюджет шығыстарындағы үлесі 38% болады", - деді вице-министр.

Бұл саланың басым бағыттары – әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау.

"Біріншіден, әлеуметтік қамтамасыз ету және елдің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету. 2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар – индекстеу мен төлемдерді алушылар санының ұлғаюын ескере отырып, 6 трлн теңге сомасында қарастырылған. Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге және алушылар контингентін ұлғайтуға 626 млрд теңге бағытталады", - деді Абзал Бейсенбекұлы.

Вице-министрдің сөзінше, білім саласына 1 трлн теңге бөлінеді.

Екінші басымдық – білім беруді дамыту. 2025 жылы бұл бағытқа шығыстар 2024 жылдың деңгейінен 116 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн теңге болады. Шығыстардың өсуінің негізгі факторлары ретінде мынаны атап өтуге болады: жоғары оқу орнының студенттеріне орта есеппен 15-20 пайызға шәкіртақы мөлшерін ұлғайту, ғылыми атақтар үшін қосымша ақылар белгіленуіне байланысты ғалымдардың еңбекақысының ұлғаюы.

Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының ауқымды бөлігі денсаулық сақтау саласына бағытталған.

"Үшінші басымдық – денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Денсаулық сақтау жүйесіне 2025-2027 жылдарға арналған шығыстар 7,6 трлн теңге болды, оның ішінде 2025 жылға 2,4 трлн теңге қарастырылған. Осф жылмен салыстырғанда 133 млрд теңгеге артық", - деді ол.

Биыл бюджет шығындары 1,7 трлн-ға, оның ішінде әлеуметтік сала шығындары 794 млрд-қа өсіп отыр. Вице-министрдің түсіндіруінше, шығыстардың өсуінің негізгі факторлар мемлекеттік жарналар мөлшерлемесінің 1,9 пайыздан 2 пайызға дейін артуы мен халық санының өсуі мен профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын ұлғайғаны әсер етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2160547-1-trln-tengge-qarzhy-vitse-ministri-bilim-beru-salasyna-bolinetin-qarzhy-kolemi-artqanyn-malimdedi/