Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы аудиторлық палата өкілі 2025 жылы берілуі керек мектеп құрылысы әлі басталмағанын айтты

Жарияланған күні:

Ақша және калькулятор
Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжілісте өткен 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылымында жоғары аудиторлық палата мүшесі Ардақ Теңгебаев бірнеше кемшілік анықталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жоғары аудиторлық палата өкілі Ардақ Теңгебаев бірнеше кемшілікті атады.

"Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру кезінде қолда бар қалдықтар ескерілмеген. Бұл шамамен 2 млрд теңге сомаға бірқатар атау бойынша артық жоспарлауға алып келді. Жалпы қажеттілікті есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ",- деді ол.

Жоғары аудиторлық палата өкілінің сөзінше, 2025 жылы беріледі деп белгіленген "Жайлы мектеп" білім ордаларының құрылысы әлі басталмаған.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша берілуі 2025 жылға жоспарланған 152 мектепті іске асырудағы кемшіліктер мен проблемалар анықталды. Іс жүзінде олардың құрылысы әлі басталмаған, өйткені жобалау-сметалық құжаттар толық бекітілмеген, конкурстық рәсімдер толық аяқталған жоқ, барлық объектілерге жер бөлінбеген. Бірінші кезеңдегі мектептерде де осындай проблемалар бар",- деді палата өкілі.

Сондай-ақ Ардақ Теңгебаев қолжетімді интернет жобасы мен ұлттық жоба бір-біріне қарама-қайшя екенін айтып, сынға алды.

"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасының кейбір тармақтарына талдау жүргізілмеген. Мәселен, Цифрлық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша интернет жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с болатын МЖӘ жобаларын іске асыру көзделген. Бұл ретте Ұлттық жоба бойынша азаматтарды кемінде 100 Мбит/с жылдамдықтағы интернетке қосумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сәйкессіздік байқалып отыр", - деді ол.

Сондай-ақ төтенше жағдайға қажетті қаражат көзі нақтыланбағанын айтты.

"ТЖ алдын алу және жою саласындағы негізгі проблемалардың бірі – орман мекемелері мен басқа да бейінді ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі төмен. 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасында мәселені қаржы лизингі механизмі арқылы шешу ұсынылған. Алайда ол бюджет заңнамасымен тікелей реттелмеген, бұл бюджет қаражатын заңсыз пайдалану қаупін тудырады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2160598-zhogargy-auditorlyq-palata-okili-2025-zhyly-berilui-kerek-mektepting-qurylysy-ali-bastalmaganyn-aitty/