Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бала асырап алған отбасылар көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы ала ала ма

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы төрт және одан көп баласы бар отбасылар жәрдемақы ала алады. Бала асырап алғандар мен жұбайының бұрынғы некеден туған балаларын қамқорлыққа алғандар да осы санатқа кіреді. Толық ақпаратты KAZ.NUR.KZ сайтынан оқи аласыз.

Қазақстанда төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар, әрі 23 жасқа толмаған студент балалары бар әр отбасы жәрдемақы алуға құқылы.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша, осындай жәрдемақымен 582,7 мың отбасы қамтылған. Олардың барлығына жалпы 313,7 млрд теңге төленеді. Тамызда 577,9 мың отбасыға 38,8 млрд теңге төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, көпбалалы отбасы санатына тек туған балалар ғана емес, сонымен қатар асырап алған, қорғаншылыққа алынған, тіпті бұрынғы некеден туған, яғни ата-анасының бірімен бірге тұратын балалар да кіреді. Бірақ бұл балалар басқа басқа ата-ананың отбасында есепке алынбаса ғана жәрдемақы жүреді.

Мысалы, ажырасқаннан кейін сот балалар әкесімен бірге қалады деп шешсе, ол ер адам өзге бір әйелге үйленсе, сол әйелдің де бұрынғы некеден туған балалары болса, бұл отбасыны көпбалалы отбасы санауға болады. Мұндай жағдайда жұбайлар тиісті жәрдемақыны ала алады.

Жәрдемақы мөлшері бірге тұратын балалардың санына тікелей байланысты:

  • 4 бала – 16,03 АЕК, немесе 2024 жылы 59 183 теңге;
  • 5 бала – 20,04 АЕК, немесе 73 988 теңге;
  • 6 бала – 24,05 АЕК, немесе 88 793 теңге;
  • 7 бала – 28,06 АЕК, немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан көп бала – әр балаға 4 АЕК, немесе 14 768 теңге.

Бұған дейін депутаттар "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін жәрдемақыны көтеруді ұсынған. Олар жәрдемақының жеті бала үшін – 27 321 теңге, ал алты бала үшін 23 629 теңге төленетініне наразылық білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2162389-qazaqstanda-bala-asyrap-algan-otbasylar-kopbalaly-otbasy-retinde-zhardemaqy-ala-ala-ma/