Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда риелторлардың ақша жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысы бар-жоғы тексерілмек

Жарияланған күні:

Риелтор
Риелтор қызметі. Фото: freepik.com

Риелторлардың кірістері бұрынғыға қарағанда жіті тексеріледі. Өйткені олар тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілері қатарына енгізілмек. Бұл терроризммен күресуге, экономикалық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі деп жоспарланып отыр. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

"Ашық НҚА" порталында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленді.

Мұнда кейбір қызмет түрлері мен олардың тәуекел дәрежесіне қатысты өзгерістер жоспарланған. Оның ішінде риелторларға да қатысты өзгерістер бар.

Бұл шара мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қорғап, халықаралық деңгейдегі қылмыстық әрекеттердің алдын алу мақсатында қолға алынған.

Риелторлардың тәуекел дәрежесі арттырылады

Заңсыз кірісті жасырудың салдарынан көптеген проблема туындайды. Мысалы, сыбайлас жемқорлық, есірткі саудасы, алаяқтық арқылы алынған кірістер. Бұл елдің қаржы жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, банк секторының тұрақсыздығына әкеп соқтыруы мүмкін.

Енді риелторларды осындай бұзушылықтарға тексеру мақсатында жоғары тәуекел санатына енгізу жоспарланып отыр. Осылайша, бұйрықтың 6-тармағына (тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілері) мынаны қосу ұсынылып отыр:

  • бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды іске асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды;
  • тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін жүргізу кезінде делдалдық қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды.

Ал бухгалтерлер, заңгерлер, бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды іске асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тәуекел дәрежесі орташа деңгейге төмендетілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2163217-qazaqstanda-rieltorlardyng-aqsha-zhylystatuga-zhane-terrorizmdi-qarzhylandyruga-qatysy-bar-zhogy-tekserilmek/