Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында тасқыннан бүлінген жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: pixabay

Үкімет резервінен Атырау облысындағы су тасқынынан бүлінген жолдарды жөндеуге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бөлінген қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін жөндеуге бағытталады.

Бұл тізімде "Индер – Қарабау – Сағыз", Қарабау кентіне кірме жолдар, "Сарытоғай – Махамбет", "Атырау – Индер" және Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолы бар.

Сонымен қатар "Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз" автожолындағы көпір мен су өткізгіш құбырлардың құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді.

Су тасқыны 11 жол учаскесіне зиян келтіріп, оның ішінде бес учаскеде су өткізгіш құбырларды зақымдаған.

Бұған дейін шілдеде Қазақстан үкіметі көктемгі су тасқыны салдарын жоюға және зақымдалған инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіруге төтенше резервтен қосымша 22,7 млрд теңге бөлгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2163279-qauylga-qol-qoiyldy-atyrau-oblysynda-tasqynnan-bulingen-zholdardy-qalpyna-keltiruge-shamamen-5-9-mlrd-tengge-bolindi/