Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білген абзал: баспана алудың тиімді жолдары қандай

Жарияланған күні:

Отбасы
Отбасы. Фото: Жеке мұрағаттан

Соңғы 5 жылдың ішінде еліміздегі ипотекалық кредиттердің көлемі 3,5 есе артқан. Ranking.kz сараптамалық орталығының мәліметтерінше, бұл ел тұрғындарының әл-аухатының артуы мен тұрғын үй алудағы қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шараларға байланысты.

Жалпы елімізде беріліп отырған ипотеканың жартысынан астамы Отбасы банкінің үлесінде екені бәрімізге аян. Қаржы институтының пайыздық үстемелері төмен, сонымен қатар банк жыл сайын халықты қолайлы шарттар қарастырылған жаңа бағдарламалармен қуантып отыр. Десе де көп адам осы күнге дейін Отбасы банктен тек мемлекеттік бағдарлама аясында ғана үй алуға болады деп шатасып жүр. Ал білетіндер банк заемдарын барынша пайдаланып, бүгінде бір емес бірнеше баспана алуда. Солардың бірі - Балқаш қаласының тұрғыны Назира Пірімбетова. Ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін жетік біліп алған. Соның арқасында келіншек бірнеше депозит ашып, жуырда ғана Астана орталығынан пәтер сатып алған. Айтуынша, ол Отбасы банкінде өзіне, жолдасына, ұлы мен қызының атына бөлек-бөлек депозит ашып, қаржы жинай бастаған. Олардың әрқайсысы жеке-жеке банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақы алып отырған. Ал кредит аларда, осы салымдарын біріктіріп, қажетті соманың жартысына жеткізіп, тұрғын үй заемы арқылы 5 пайыздық мөлшерлемемен 2-бөлмелі пәтердің иесі атанған.

"Алғашқыда Отбасы банкіндегі тұрғын үй заемы туралы әлеуметтік желіден білдім. Мен 2021 жылдың маусым айында өзіме және қызыма депозит аштым. Тамыз айында ұлыма, ал қазан айында жолдасыма аштым. 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына, бұл сол жылы 582 500 теңге еді, 116 680 теңгеге тең мемлекеттік сыйлықақы алатынымды білдім. Жинағымды сол сомаға жеткізу үшін депозит ашқан айдан бастап желтоқсан айына дейін, әр айда тиесілі сомаға толықтырып отырдым. Бұл әр депозит бойынша. 2022 жылы жинаған қаражатымыздың үстіне мемлекеттің сыйлықақысы түсті. Депозитіме 3 жыл толған соң барлық салымдарымызды отбасылық пакет аясында біріктіріп, таңдаған пәтеріміздің жарты сомасына жеткіздік. Соның арқасында табысымды растамай 5 пайызбен несие алып, шілде айында Астанадан 2-бөлмелі үй сатып алдым" – деді ол.

Назира Пірімбетова
Назира Пірімбетова. Фото: Жеке мұрағаттан

Тұрғын үй заемының негізгі шарттарына: депозитте кемінде үш жыл бойы баспана құнының жартысын, яғни 50 пайызын жинау, бағалау көрсеткішін кемінде 16-ға жеткізу міндеттері кіреді. Осы талаптарды орындаған клиенттерге Отбасы банк 3,5% (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5% (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) дейінгі ең тиімді пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді.

"Таныстарыма, туыстарыма тұрғын үй заемын ұсынып жүрмін. Кім арзан пайызбен үй алғысы келмейді дейсіз? Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 1-пункті 349-шы бабы бойынша несие төлеп жүрген Отбасы банк салымшылары үшін салықты аз мөлшерде төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жеңілдік ешқандай банкте жоқ. Ақшаны есеппен жұмсау менің әдетіме айналып кеткен. Ел сияқты ай сайынғы шығындар, арасында той-томалақ бар. Әрі қайырымдылықпен де айналысамын. Күйеуімнің тапқан табысын дұрыс есеппен үнемдей білгеннің арқасында 1996 жылы қазан айында үй алғанбыз. Кейін 2013 жылы қараша айында 3 бөлмелі баспана алдық. Енді міне, тағы 2 бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Қаржылық сауатымды арттыру үшін арнайы курс оқыған жоқпын. Тек тапқан табысты дұрыс жұмсауды үйреніп, депозит ашуды әдетке айналдырдым" – дейді Назира Пірімбетова.

Қазақстандағы пайыздық мөлшерлемесі ең төмен ипотеканы "Отбасы банк" ұсынады. Себебі банк Қазақстандағы және бүкіл ТМД аумағындағы тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз қаржы институты. Егер уақыт өткізбей баспаналы болғыңыз келсе, бүгіннен бастап депозит ашқаныңыз абзал. Болашақтың қамын қазірден бастап ойластыру қажет.

Назира Пірімбетова
Назира Пірімбетова. Фото: Жеке мұрағаттан

Жалпы бүгінгі күні Отбасы банкте 2 829 000 жуық депозит бар. Тек жыл басынан бері 339 445 жаңа депозит ашылған екен.

Естеріңізге сала кетейік, "Отбасы банк" көптеген тиімді мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларды ұсынатын негізгі оператор болып табылады. Мәселен, келер жылы "Наурыз" бағдарламасы қайта іске қосылады (https://special.nur.kz/otbasy-2024). Бағдарлама басталар алдындағы уақытты тиімді пайдалануға кеңес береміз. Жоғарыдағы кеңестерді орындап, несие тарихын тузеу арқылы бағдарламаның келесі басталуына дайын болыңыз.

*Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 1.1.111 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2165151-bilgen-abzal-baspana-aludyng-tiimdi-zholdary-qandai/