Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстанда еңбек заңнамасының сақталуын қалай бақылайды

Жарияланған күні:

Ақша еңбек кітапшасында жатыр
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғағандығы және жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қандай шаралар қабылдап жатқандығы туралы NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы – жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаумен айналысатын негізгі құрылымдардың бірі. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың әртүрлі нормалары мен заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:

  • еңбек заңнамасының сақталуын, қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды, жұмысқа орналастыруды, шетелдік жұмыс күшін тартуды және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды бақылау;
  • жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау;
  • еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;
  • кәсіпорындарда үшжақты келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде тараптар қабылдаған міндеттемелердің жасалуын және орындалуын бақылау.

Бүгінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,9 млн қызметкері бар республиканың 2,4 млн астам субъектісін тексерді.

2024 жылға дейін мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктердің басқаруында болса, осы жылдың шілде айынан бастап еңбек заңнамасының сақталуын бақылау құзіреті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына берілді. Ал тамыз айында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті және оның аумақтық департаменттері құру туралы қаулы қабылданды. Қызметкерлердің жалпы саны 321 штаттық бірлікті құрайды. Мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органға беру мәселесі жұмысты сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2024 жылдың алғашқы сегіз айында мемлекеттік инспекция 4300 тексеру жүргізілді, осының арқасында 6890 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілер тарапынан негізгі бұзушылықтар - еңбек шарттарын жасаспау, заңсыз жұмыстан шығару, жалақыны уақтылы төлемеу бөлігінде жұмыскерлердің құқықтарын бұзу. Еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерге 330,1 млн теңге көлемінде 3030 әкімшілік айыппұл салынды.

Осы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 259 кәсіпорында 15 мыңға жуық жұмыскердің алдында 3,3 млрд теңге сомасында жалақы бойынша берешек анықтады. Қабылданған шаралардың арқасында 13 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды, оларға 2,6 млрд теңге төленді. Қазіргі уақытта 42 компанияда жұмыс істейтін 1,4 қызметкерге төлеуге міндетейтін қарыз мөлшері 730 млн теңгені құрайды. Еңбек инспекторлары мен жеке сот орындаушылары қарыздарды азайту жұмыстарын жалғастыруда.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы өндірістегі қызметкерлердің қауіпсіздігі мәселелерімен белсенді айналысуда. 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу бойынша құқық қорғау органдарына 527 материал жіберілді. Нәтижесінде 87 қылмыстық іс қозғалды, ал қауіпсіздік нормаларын сақтамағаны үшін жауапты алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттің маңызды басымдығы – әр қызметкердің өмірі мен денсаулығы.

Еңбек министрлігі мемлекеттік бақылау процесін цифрландыру және адами факторды барынша азайту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Автоматтандырылған бақылау жүйесі жүйеге енетін мәліметтердің негізінде тексеруге арналған кәсіпорындардың тізімін жасауға мүмкіндік береді.

Барлық ережелерді ұстанатын жұмыс берушілер қосымша тексерулерден өтпейді. Бұл құқық бұзушыларға назар аударуға мүмкіндік береді. 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша профилактикалық бақылауға 264 реттелетін субъекті енгізілген.

Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызды мемлекеттік орган болып табылады. Жұмысшылардың мүдделерін қорғау мемлекеттің маңызды міндеті болып қала береді, ал бақылау шараларын күшейтуге бағытталған жұмыстар әрбір адам үшін әділ және қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға ұмтылысты көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2166384-memlekettik-engbek-inspektorlary-qazaqstanda-engbek-zangnamasynyng-saqtaluyn-qalai-baqylaidy/