Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында автотұрақ қымбаттайды (фото)

Жарияланған күні:

Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

15 қазаннан бастап Астана әуежайындағы автотұрақ құны өзгереді. Тұрақ орнын жалға беру бағасы әуежай инфрақұрылымын жақсарту мақсатында көтерілгені хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрақ аймағының, жабық паркингінің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау мақсатында баға өзгерген.

"Сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығындардың ұлғаюына, оның ішінде 2024 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтері ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты сіздерді 2024 жылғы 15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші компания Smart Parking Technologies ЖШС-ның қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары өзгергені туралы хабардар етеміз", - делінген хабарламада.

Астана әуежайындағы автотұрақ тарифтері
Астана әуежайындағы автотұрақ тарифтері. Фото: instagram.com/nqz_airport

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2170029-astana-auezhaiynda-avtoturaq-qymbattaidy/