Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ипотека қандай жағдайда арзандауы мүмкін

Жарияланған күні:

ипотека
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда тұрғын үй несиелерінің қолжетімді болуы тек баспана бағасына ғана емес, басқа да бірқатар факторға тәуелді. Ипотека арзандау үшін біраз нәрсе өзгеруі керек. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандағы ипотека тіпті әлемдік деңгеймен салыстырғанда қымбат саналады. Елдегі тұрғын үй бағасын көп тұрғынның қалтасы көтермейді.

Алайда "Крыша" порталының мәліметінше, ипотека құны тек баспана бағасына ғана тәуелді емес. Кейбір сарапшылардың пікірінше, болашақта ол арзандауы мүмкін, бірақ ол үшін тұрғын үй және банк саласына бірқатар өзгеріс қажет.

"Ипотека мөлшерлемелері төмендеуі мүмкін, бұл негізінен елдегі макроэкономикалық жағдайларға және тұрғын үй құрылысы мен сатып алуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатқа байланысты болады", - деді Рамазан Досов.

Сонымен Қазақстанда ипотека арзандауы үшін мынадай шарттар орындалуға тиіс:

  • инфляцияның бәсеңдеуі және базалық мөлшерлеменің төмендеуі;
  • халық табысының өсуі;
  • жеңілдігі бар бағдарламалар тек мұқтаж санаттағы азаматтарға тиіс болуы;
  • банктерге теңдей жағдайлар жасалуы.

Сарапшылардың пікірінше, ипотека әртүрлі болуы керек: жеңілдігі бар бағдарламаларды тек мұқтаж азаматтарға тиіс етіп, қалғандарына нарық шарттары бойынша несие беру керек. Бұл тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге септеседі, сондай-ақ, бағаның күрт өсуіне жол бермейді.

Одан бөлек, сарапшылар бірнеше рет екінші деңгейлі банктер үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолжетімді етуді ұсынған – қазір бұл жүйеде тек "Отбасы банк" қана бар. Басқаша айтқанда, банктерге тең жағдайлар жасау керек.

Сонымен қатар ипотекалық шегерімдерді тек "Отбасы банк" қарыз алушылары ғана емес, коммерциялық банктердің де қолдануы, және бұл жеңілдіктерді тек мұқтаж азаматтардың алғашқы баспанасын сатып алу кезінде пайдалану ұсынылып отыр.

Бұл салымшыларға жинақтарын сақтау жолын таңдауға мүмкіндік береді, клиент үшін бәсекелестікті күшейтеді және ипотека бойынша ең жақсы баға шарттары мен бағадан тыс шарттар ұсынуға ынталандырады.

Айта кетейік, іс жүзінде кез келген банк қазірдің өзінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатыса алады, алайда заңнамалық деңгейде мұны іске асыруға кедергі келтіретін көптеген тосқауыл бар.

Дегенмен жоғарыда аталған факторлар банк жүйесінде белгілі бір өзгерістерді талап етеді, сондықтан ипотеканың арзандауы негізінен базалық мөлшерлемеге тәуелді болады – егер ол төмендесе, тұрғын үй несиелері де арзандайды.

2025 жылы базалық мөлшерлеме 11,5-12 пайызға дейін төмендеуі мүмкін деп болжанып отыр. Солай болатын болса, нарықтық бағдарламалар бойынша пайыздық мөлшерлемелер 2,25-2,75 пайыздық тармаққа төмендеуі мүмкін.

Автор: Назгүл Назар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2171460-qazaqstanda-ipoteka-arzandauy-mumkin-be/