Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бағамы Қазақстандағы биржада 491 теңге межесіне жетті

Жарияланған күні:

Әмиян мен доллар
Әмиян мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 9 қазанда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың нәтижесінде доллар шамамен 2,5 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы KASE ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы соңғы сауда-саттықтан бері 2,48 теңгеге көтеріліп, 489,06 теңгеге тең болды.

KAZ.NUR.KZ-тегі айырбас бағамы мәліметтері бойынша екінші деңгейдегі қазақстандық банктерде долларды сатып алу және сату келесі бағам бойынша жүзеге асырылады:

  • Алматыда: сатып алу - 486,3-489,1 теңге, сату - 490,5-491,8 теңге;
  • Астанада: сатып алу - 486,3-486,5 теңге, сату - 490,5-491,8 теңге.

Сонымен қатар, Kurs.kz сайтында хабарланған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қазақстандық айырбастаушылардан долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу - 489-490 теңге, сату - 490,4-491,5 теңге;
  • Астанада: сатып алу - 486-487 теңге, сату - 490-491 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2172147-dollar-bagamy-qazaqstandagy-birzhada-491-tengge-mezhesine-zhetti/