Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет Ақтаудың ескі магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлді

Жарияланған күні:

Теңге
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Үкімет Ақтау қаласының магистральды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, құжат Ақтау қаласының магистральды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.

"Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10 пайыз мөлшерінде автомобиль жолының ең тозығы жеткен ұзындығы 11,5 км учаскесін реконструкциялауға бағытталады.

Бұған дейін мердігер ұйымның қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75 пайыздан асатын 44 шақырым магистральды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Айта кету керек, Ақтау қаласының жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қабылданған шаралар желілердің тозуын төмендетіп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2172337-ukimet-aqtau-qalasynyng-magistraldy-zhylu-zhelilerin-rekonstruktsiialauga-5-mlrd-tengge-boldi/