Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін жариялады

Жарияланған күні:

Ұлттық банк
Ұлттық банк ғимараты. Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлеме жылдық 14,25 пайыз деңгейінде белгіленгенін мәлімдеді. Бұл туралы орталық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", - делінген ресми ақпаратта.

Банк өкілдері Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 29 қарашада Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланатынын хабарлады.

Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме – ақша-кредит саясатын жүргізетін Ұлттық банктің негізгі құралы. Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін белгілей отырып, ортамерзімді кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін банкаралық қысқамерзімді мөлшерлеменің мақсатты мәнін айқындайды.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыз бойынша мөлшерлеме мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Мысалы, жоғары базалық мөлшерлеме ақша нарығындағы пайыздық ставканың өсуіне, содан кейін қаржы нарығындағы қаражаттың қымбаттауына әкеледі. Бұл өз кезегінде халық пен кәсіпорындардың тұтыну мен үнемдеудегі шешіміне әсер етеді. Барынша аз тұтыну мен көбірек үнемдеу – инфляцияны тежейтін құбылыс.

Сонымен қатар базалық мөлшерлеме жоғарылаған кезде ұлттық валюта да нығая түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2173032-ulttyq-bank-bazalyq-molsherleme-zhonindegi-sheshimin-zhariialady/