Қазақстанда апта басында доллар күрт арзандады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша бүгін, 21 қазанда доллар бағамы 3 теңгеге жуық төмендеді. Бұл жөнінде KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Доллардың орташа сараланған бағамы соңғы сессиядан бері 2,93 теңгеге төмендеп, 481,68 теңге болды.
KAZ.NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде доллар мына бағамдар бойынша саудаланып жатыр:
- Астанада: сатып алу – 478,5-478,8 теңге, сату – 483,5-484,3 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 478,5-482,5 теңге, сату – 483,5-485,1 теңге.
Kurs.kz сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қазақстанның ақша айырбастау орындарында қазір долларды мына бағада сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 482-484 теңге, сату – 484,4-488 теңге;
- Астанада: сатып алу – 481 теңге, сату – 486 теңге.
Айта кетейік, өткен аптадағы соңғы сауда барысында да америкалық валюта құнының төмендегені байқалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2176907-qazaqstanda-apta-basynda-dollar-kurt-arzandady/