Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда және ЕАЭО елдерінде ет қанша тұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дүкен сөресінде тұрған ет
Дүкен сөресінде тұрған ет. Көрнекі фото: pixabay.com

Орта есеппен алғанда Қазақстанда еттің килограмы 3 мың теңгеден аспайды. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше кейбір елдерде ет қымбатырақ. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазан қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде азық-түлік тауарлары бір жылды орта есеппен 8,3 пайызға қымбаттаған. Қазақстанда азық-түлік бағасы 5,1 пайыз өскен. Салыстырып көрер болсақ, Беларусьте бұл көрсеткіш 7,5 пайыз, ал Ресейде 9,2 пайызды көрсектен.

Бұл ретте бағаның өсуінің өзі Қазақстандағы өнімдер ЕАЭО-ның басқа елдеріне қарағанда арзанырақ дегенді білдірмейді. Мәселен ет бағасын салыстырып көрер болсақ, Қазақстанда етті өте арзан дей алмаймыз.

Мәселен, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметінше, Қазақстанда құс етінің бір килограмы орташа есеппен 1482 теңге тұрады.

Бұл Армения (1 946 теңге) мен Қырғызстанға (2 007 теңге) қарағанда арзан, бірақ Ресей (1 142 теңге) мен Беларусь (946 теңге) елдерімен салыстырғанда айтарлықтай қымбат.

Бұған қоса Қазақстанда қой еті де арзанырақ екені байқалған. Елімізде қой етінің бір килограмы орта есеппен 2845 теңге тұрады. Қырғызстанда айтарлықтай қымбат – 3259 теңге. Ресейде 4163 теңге, Арменияда 5418 теңге төлеуге тура келеді.

Ал Беларусьте сиыр еті ең арзанырақ (бір килограмы 1725 теңге). Қазақстан Беларусьтен кейінгі орынды иеленген (2 684 теңге). Үшінші орында Ресей (3 012 теңге), одан кейін Қырғызстан (3 391 теңге) және Армения (4 534 теңге) тұр.

Дегенмен көрсетілген бағалар орташа есеппен алынғанын ескеруіміз керек. Бұл бағалар аналитиктер көрсеткеннен әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, айтарлықтай төмен баға болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2179602-qazaqstanda-zhane-eaeo-elderinde-et-qansha-turady/