Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Италия мемлекеттік банкі ашылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Италия мемлекеттік банкі
Италия мемлекеттік банкі. Фото: Bloomberg/Getty Images

Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісін ашу жоспарланып отыр. Бұл жайында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екі жақты кездесу барысында мәлім болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, Италия Еуропалық одақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы 16,1 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға көп. Қазақстаннан Италияға экспорт 14,8 млрд долларға жетті, ал импорт 1,2 млрд долларды құрады, бұл өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр.

Сауда-саттықтың өсуі ағымдағы жылы да жалғасын тапты. 2024 жылдың сегіз айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, 13,8 млрд долларды құрады, бұл ретте қазақстандық өнімнің экспорты 36 пайызға артып, 12,9 млрд долларға жетті

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 29 қазанда Астанада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының (ҮАК) 9-шы отырысы өткенін атап өтті. Отырыс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айында Италияға сапарынан кейінгі тапсырмасы шеңберінде өтті және сауда-экономикалық мәселелерді талқылауда маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде италияндық қонақ Эдмондо Чириелли шақырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығын атап өтті.

"Біздің сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасымыз нығая түсетініне сенімдіміз. Қазақстан Орталық Азияда негізгі орынға ие және Еуропаны өңірмен байланыстырады. Екіжақты сауда көлемі едәуір өсті және біз қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанамыз. Біз Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісін ашуды жоспарлап отырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дами беретініне сенімдіміз. Бұл кездесулерді өткізу біздің ынтымақтастығымыздың алты жылдық кезеңін аяқтаған маңызды кезең болды", - деді Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2180394-qazaqstanda-italiia-memlekettik-banki-ashylu-mumkin/