Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азық-түліктен басқа тауарлар бағасы өсті": Серік Жұманғарин елдегі инфляция туралы айтты

Жарияланған күні:

Азық-түлік себетін төлеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәжілісте инфляцияға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Вице-премьердің сөзінше, азық-түлік бағасы өспеген, басқа тауарлар мен қызметтер құны өскен.

"Сенбі күні инфлцияға байланысты үлкен жиналыс өткіземіз. Азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жағынан Қазақстан қазір екінші орында. Армения мен Қазақстанда бұл мөлшер 2,9 пайыз. Ал басқа тауарлар мен қызметтер бағасы өсті. Сол себепті сенбі күні үкіметте талқы өткізіп, қандай факторлар инфляцияға әсер ететінін қараймыз.

Біздің алдымызда тұрған тапсырма – инфляция 8 пайыздан аспауы керек. Өз тәжірибемнен айтайын, бензин бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі азық-түлік бағасына тасымалдау кезінде әсер ететіні – дизель отыны. Дизель отынының бағасы өссе, өз әсерін береді", - деді вице-премьер.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының тұрғындары автогазға қол жеткізуде қиындықтарға тап болып жатқанын, соның салдарынан сағаттап кезекте тұруға мәжбүр болғанын айтып, шағымданғанын жазған едік.

Әкімдік бұл жағдайға зауыттардың бірінде шыққан техникалық ақау себеп болғанын алға тартты. Ал Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жанармай құю бекеттеріндегі бензин тапшылығына шағымданды – кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2180565-azyq-tulikten-basqa-tauarlar-bagasy-osti-serik-zhumangarin-eldegi-infliatsiia-turaly-aitty/