Жаңартылған Changan Uni-V: стильді, өжет, спорттық
Жарияланған күні:
29 қазанда Қазақстанда Changan Uni-V моделінің Sport жинақтамасының сатылымдары басталады. Желінің жарқын жалғасына айналған жаңа өнім сәнді стильдің, технологиялық жетістіктің және белсенді жүрістің жанкүйерлеріне арналған. Қытайлық брендтің елдегі ресми дистрибьюторы "Астана Моторс" еншілес компаниясы Changan Auto Kazakhstan.
Қазақстанға ресми түрде кірген жаңартылған Changan Uni-V 2024 жылы өзінің бір қарағаннан-ақ спорттық мінезін паш етеді. Шанақтың астыңғы бөлігінің бойымен өтіп тұрған контрастты сызықтар, біртіндеп бамперге ұласып кететін жақтаусыз радиатор торы, терезелердің қара түсті жиектемесі, төрт ауқымды газ шығару құбыры, автоматты түрде жылжып шығатын жасырын есік тұтқалары және түпнұсқа дизайндағы 18 дюймдік дөңгелек дискілері оған көзге байқалатын футуристік сипат беріп тұр.
Спорттық модельдің динамикалығы мен жарқындығы эстетикалық минимализмге қойылатын заманауи талаптарға сай келетін сарындағы интерьерде де айшықталып көрсетілген. Орындықтар күдерімен және контрастты түстегі экобылғарымен әрленген, электрлі реттегіштермен жабдықталған, бұл максималды жайлылықты қамтамасыз етеді.
Аспаптар тақтасына түрлі-түсті дисплейлердің бүтін бір кешені қойылған. Интуитивті түсінікті интерфейсі бар цифрлық аспаптар автокөліктің күйі мен жүргізу туралы маңызды ақпаратқа лезде қол жеткізуді қамтамасыз етеді, жүргізушіге жол үстінде қажетті түйінді деректерге назарды шоғырландырады. Амбиенттік жарық салонның эстетикалығын айшықтап тұр.
Панорамалық төбе кеңістікті визуалды түрде үлкейтіп, салонға жарық пен кеңдік сезімін беріп тұр.
Қарқынды қозғалысты жаны сүйетіндер жаңа Super Race режиміне міндетті түрде оң бағасын береді. Қызғылт сары түсті түймені басқан кезде кинодағы ең үздік жарыс эпозодтарындағыдай белсенді артқы спойлер жылжып шығады, бұл автокөлікке сөзсіз қосымша адуынды сипат береді. Сондай-ақ катализатор дыбысын спорттық режимге ауыстырып қосуға және бағдар тұрақтылығы жүйесін өшіріп қоюға болады. Осы кезде автокөлік толықтай спорттық режимге ауысады. Спорттық сипаттамаларына қосымша Sport нұсқасындағы UNI-V енді руль дөңгелегінің жылытқышымен, артқы және алдыңғы орындықтардың жылытқышымен, алдыңғы әйнектің бүкіл бетінің электржылытқышымен, сондай-ақ жаңбыр датчигімен жабдықталған. Жүргізушінің иелігінде беріліс қорабының 4 түрлі жұмыс режимі бар – Eco/Normal/Sport/Smart. Олардың бәрі рульді басқару күшейткішімен синхрондалған.
Капот астындағы қарқының да бір кемдігі жоқ. Uni-V бес есікті хэтчбегі қуаты 181 аттың күшіне және айналдыру сәті 300 Н м-ге тең 1,5 литрлік төрт цилиндрлі турбиналы мотормен, сондай-ақ ылғал типті қосарлы ілінісуі бар 7 сатылы, роботтандырылған қораппен жабдықталған.
Модель жол үстіндегі таптырмас көмекшілермен: қозғалыс жолағында ұстап отыру жүйесі бар интеллектуалды бейімделетін круиз-контрольмен, бетпе-бет соқтығысу туралы ескерту жүйесімен, бос айналудан қорғау жүйесімен, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді тану функциясы бар шұғыл тежеу кезіндегі көмекші жүйемен (AEB) жабдықталған. Қауіпсіздікке заманауи технологиялар: "C-NCAP" (қытайлық автокөліктер қауіпсіздігін бағалау бағдарламасы) стандарттарынан сәтті өткен 6 қауіпсіздік жастығы, электронды динамикалық тұрақтандыру жүйесі және тежеу күштерін үлестіру жауап береді.
Әрине, Sport жинақтамасындағы Uni-V ең алдымен жылдамдыққа және жаңа технологияларға әуес жандарға арналған. Әйтсе де автокөлік жас жанұяларға жайлы әрі қауіпсіз жүріп-тұруға, сондай-ақ бағасы мен сапасының лайықты арақатынасын таңдайтын автокөлік иелеріне тамаша сай келеді.
Бүгінде қазақстандық нарықта Changan UNI-V екі Tech және Sport жинақтамаларында ұсынылған. Түстері – ақ седеп, терең қара, жұлдызды сұр, атомдық сұр. Жаңа Uni-V Sport-қа дистрибьютор 5 жыл немесе 150 мың километр кепілдік береді. Автокөліктің дилерлік орталықтардағы бағасы - 12.590.000 теңге. Сатып алу шарттары мен қосымша ақпаратты 7007 нөмірі бойынша немесе Қазақстандағы Changan Auto ресми дилерлеріне хабарласу арқылы анықтауға болады.
*Серіктестік материал
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2180711-zhangartylgan-changan-uni-v-stildi-ozhet-sporttyq/