Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрлігі өкілдері министрдің мемқызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салу туралы мәлімдемесін түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін қаржы министрі Мәди Тәкиев енді мемлекеттік органдар үнемделген ақшаны сыйақы ретінде аудара алмайтынын айтты. Сыйақы бойынша жаңашылдықтың жай-жапсарын ведомствоның баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс алаңында қаржы министрі Мәди Тәкиев енді бюджет қаражатын үнемдеген мемлекеттік органдар бұл ақшаны сыйақыға аудара алмайтынын, қаржы бюджетке қайтарылатынын мәлімдеді.

Ол сыйақы аудару тура мағынасында жабылғанын хабарлады.

"Ешқандай сыйақы болмайды, біз 112-кодты жаптық, сол арқылы ақшаны сыйлықақыға жіберіп, сол жерден алуға болатын", - деді Мәди Тәкиев.

NUR.KZ тілшісі Қаржы министрлігінен мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдіруді сұрады.

Ведомствоның баспасөз қызметі биыл республикалық бюджетті атқару шеңберінде расымен де сыйақылар бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысы нәтижесінде үнемдеу бағыттарына біршама шектеулер қойылғанын хабарлады.

Бұл ретте сыйақы төлемдеріне жоспарланған қаражат қысқармайды.

"Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" №1127 қаулыға сәйкес үнемделген қаржының белгілі бір бөлігін ғана сыйлықақыға, содан кейін тиісті жетістіктер болған жағдайда ғана пайдалануға болады", - деп атап өтті Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2180879-qarzhy-ministrligi-okilderi-ministr-takievting-memqyzmetkerlerge-syiaqy-beruge-tyiym-salu-turaly-malimdemesin-tusindirdi/