Қазақстан қалаларында баспана бағасы қанша пайызға өскен
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазанда Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалыпты қарқынмен – айына орта есеппен 1 пайызға өсті. Алайда Ақтау 9,9 пайыз өсіммен ерекшеленді. Басқа қалалар бойынша баспана бағасындағы өзгерісті KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
"Крыша" порталының сарапшылары Қазақстан қалаларындағы пәтерлер бойынша ұсыныстарды бақылап, қазанда сатылымға шығарылған жылжымайтын мүлік бағасының орташа өсімі небәрі 1 пайыз болғанын анықтаған. Қыркүйекте Ұлттық статистика бюросының сарапшылары осындай өсімді тіркеді.
Қазанда баға өсімі бойынша негізгі рекордшы Ақтау болды – мұнда баспана бағасы бір айдың ішінде 9,9 пайызға өсті. Басқа бұл көрсеткіштен төмен өсім көрсетті:
- Көкшетау – 2 пайыз;
- Алматы және Өскемен – 1,6 пайыз;
- Түркістан – 1,3 пайыз;
- Ақтөбе – 1,2 пайыз;
- Астана және Шымкент – 1,1 пайыз;
- Талдықорған және Қызылорда – 1 пайыздан аспайды.
1 пайыз шегінде төмендеу Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Тараз, Қостанай қалаларында тіркелген.
Жыл басынан бері он қалада баспана бағасы көтерілген. Ең жоғары өсім Ақтауда тіркелді – 13,3 пайыз.
Бұл ретте сегіз қалада пәтер құны арзандады. Бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды көш басында тұр – 2,2 пайыз. Ел бойынша орташа алғанда баға 1 пайызға өскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2181236-qazaqstan-qalalarynda-baspana-bagasy-qansha-paiyzga-osken/