Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда құрастырылған жаңа көліктер айтарлықтай қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Автокөлік сатып алу
Автокөлік сатып алу. Көрнекі фото: Jinda Noipho/Getty Images

Қазанда Қазақстанда сатып алынған отандық жаңа жеңіл автокөліктердің орташа құны шамамен 35 пайызға өсті. Шетелдік көліктер мен жүрілген көліктердің бағасы қалай өзгергені туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Қазанда сарапшылар инфляция 8,5 пайызға дейін өскенін тіркеді. Оның себебі азық-түліктен бөлек тауарлар бағасының және ақылы қызмет көрсету саласындағы бағаның өсуіне байланысты.

Сонымен қатар отандық көлік нарығында ерекше жағдай байқалды. "Талдау" сараптамалық жүйесінің мәліметтері бойынша, қазан айында Қазақстанда құрастырылған жаңа жеңіл көліктердің бағасы 35,5 пайызға өсті. Айлық динамика бойынша өсім 3,5 пайыз болды.

Бұл өсім автомобиль нарығының жалпы ассортиментіне емес, сатып алынған автокөліктерге қатысты екенін ескеру керек.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, тұтыну бағасы индексі шығарылған кезде тауар құны мен салық есептеледі, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша төлемдер есепке алынбайды.

Яғни, 35,3 пайызға өсу елдегі көліктердің қымбаттауымен ғана емес, азаматтардың өз таңдауымен де байланысты болуы мүмкін.

Импорттық автокөліктердің орташа шоты бір жылда 2,1 пайызға төмендеді. Ал сатып алынған ескі шетелдік көліктер осы уақыт ішінде 5,1 пайызға арзандады.

Еске салайық, биыл жаздың соңында қазақстандықтар сатып алатын отандық көліктердің орташа шоты да айтарлықтай өскені тіркелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2182614-qazaqstanda-qurastyrylgan-zhanga-kolikter-aitarlyqtai-qymbattady/